Алматыда ұрланған заттарды сатып алумен айналысқан адам полиция қызметкерін пышақпен ұрды

0

Тәртіп сақшысының өмірін оқ өткізбейтін кеудеше аман алып қалған.

Ұрланған заттарды сатып алған жеті адам «Мега Тау» сауда орталығында кәсіп еткен, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Криминалды полиция басқармасындағылардың хабарлауынша, жеті адамның барлығында да СО сауда нүктелері болған. Олар өздерінің қылмыстық әрекеттерін жасырмастан бөтеннің көзінше жасай берген.

— Біздер жедел мәліметтерді тексере бастадық: жеті саудагерден ұрланған ұялы телефондарды тәркіледік. Тұтқындау кезінде күдіктілердің бірі жасырынбақ болды. Желтоқсан мен Жібек Жолы көшелерінің қиылысында оның Toyota Camry автокөлігінің жолы бөгелді, соның арасынша ол жаяу қашуға кірісті. Қармап ұстау кезінде ол полиция қызметкерінің өмірлік маңызды органдарына екі рет пышақпен түйреп, жарақаттады. Жауынгерді оқ өткізбейтін кеудеше аман алып қалды. Абырой болғанда, жарақат терең емес. Қаскөй қашуға қанша тырысқанымен, оның бұл ойы жүзеге аспай, ол қолға түсті. 27 жастағы Е. есмді азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оған бірден екі бап бойынша айып тағылып отыр: ҚР ҚК 380 — билік өкіліне қатысты зорлық қолдану бабы және ҚР ҚК 196 — ұрланған мүлікті сатып алу бабы,- деді Алматы қалалық Полиция департаментінің Криминалды полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Есен Ысқақов.

Полициядағылар арнайы операцияның нәтижесінде сатып алушының «Мега Тау» СО жұмыс орнынан 196 күмәнді ұялы телефондар анықталып, тәркілеген. Фигуранттың көлігінен тағы 10 мобилді телефон, ал тұрғылықты жерінде ол осындай 35 ұялы телефон мен ноутбуктер сақтаған. Тергеу барысында тәркіленген әрбір заттың кімге тиесілі және шығу деректері егжей-тегжейлі анықталатын болады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz