Алматыда «үнді» штамын жұқтырғандар 23% өсті

0

Алматыда коронавирустың «үнді» штамын жұқтырушы науқас саны артты. Қалалық СЭБД жаңа жағдайлар туралы хабарлайды.

«Өздеріңіз білетіндей, Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мутацияларды анықтау үшін COVID-19 қоздырғышына күнделікті мониторинг жүргізеді. Бүгінгі күні аурудың күрт өсуі тіркелді. Жалпы, «дельта» (үнді) штамына оң сынамалардың үлесі 23% дейін өсті», — деп хабарлады департамент.

Егер бұрын Алматыда «дельта» штамы тек бір сынамада ғана анықталса, үш күннен кейін 11 сынамаға дейін өсу байқалады.

«Осыған байланысты біз бұрын да қалалықтарға жүгінгенбіз. Халықты вакцина алуға шақырамыз. COVID-19 дельта штамының халық арасында таралу қаупі бар. Маска режимін, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтау керек, қоғамдық шараларға және тұрғындар жиналатын орындарға барудан аулақ болу керек «, — деп толықтырды департамент.

Айта кетсек, бұған дейін үнді штаммын алматылық әйел жұқтырғаны айтылған еді. Кейіннен тағы бір тұрғынның коронавирустың үнді штаммын жұқтырғаны анықталды.

Еске салсақ, қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин «Алматыда вирустың жаңа түірінің таралуына байланысты карантин күшейтіледі ме?» деген сұраққа жауап берген болатын.