Алматыда Ұлттық ұлан сарбазы өзіне оқ атып, көз жұмды

0
Алматыда ұлттық гвардияның келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген әскері қызметтік қарумен өзіне оқ атып көз жұмды, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат порталы.

«Ағымдағы жылдың 22 тамызында сағат 15:15 шамасында 3650 (Алматы) әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі, 2001 жылы туған Абылай Сабыров өзіне кезекші міндетін атқару кезінде тағайындалған «Макаров» тапаншасынан жарақат алғаны белглілі болды”, – делінген ақпаратта.

Қазір құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, қызметтік тергеу тағайындалды.

«Ұлттық ұланның жоғары қолбасшылығы мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметші Абылай Сабыровтың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», — делінген ведомство хабарламасында.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.