Алматыда үй тонағандар кішкентай балалардың аяқ-қолын байлап тастаған

0
465

Алматыда полиция қызметкері үйіне қайтып келе жатқанда, жеке үйге ұрлыққа түскендерді байқап, ізін суытпай қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурызбай ауданында күндіз қылмыскерлер үйге заңсыз кіріп, кәмелетке толмаған балаларды ата-аналары жұмыста болған кезде байлап тастаған. Қылмыскерлер пәтердегі бірнеше құнды затты ұрлап, қашып кетпек болған. Алайда кездейсоқ өтіп бара жатқан полиция қызметкері олардың жоспарын жүзеге асырмады.

«Таңертең екі белгісіз тұлға ұрлық жасау мақсатында ата-анасы мен үлкен қызы жұмысқа кеткен үйге баса-көктеп кіріп келген. Үйдің ішінде кішкентай балалар болған. Бейтаныс адамдарды көріп, балалар айқайлай бастайды, сол кезде «шақырылмаған қонақтар» оларды байлап тастауды жөн көреді. Осы уақытта сол жолдың жоғарғы жағында тұратын полиция қызметкері үйіне қайтып келе жатқан. Ол көршісінің үйінен шығып бара жатқан күдіктілерді байқап қалып, таң атпастан жүрген «қонақтардың» кім екенін білгісі келіп, пәтердің қоңырауын басад. Алайда домофонға ешкім жауап бермейді.

Сол кезде полиция қызметкері жеке үйдің ашық тұрған есігінен ішке кіріп, аяқ-қолы байланған, әбден қорқып қалған балаларды көрді. Балаларды тез арада арқаннан босатып, полиция қызметкері күдіктілердің ізіне түседі. Олар азиаттық түрдегі, 40-45 жас шамасындағы екі ер адам болған. Жәбірленушінің көршісінің көлігіне отыра салып, қылмыскерлердің ізінен түскен полицей бірнеше минут ішінде қарақшылар кетіп бара жатқан көлікті басып озады. Олардың жолын бөгей бастаған сәтте такси ішінен екі адам секіріп түсіп, қаша жөнелді. Полицей олардың біреуін ұстап үлгерді», – деді Наурызбай аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дидар Аханов.

Белгілі болғандай, К.есімді азамат бұрын-соңды осындай қылмыстары үшін сотты болған екен. Қазіргі уақытта ол Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған және оның сыбайласына қатысты ҚР ҚК-нің 192 бабы, 2бөлігі – алдын ала келісім бойынша адамдар тобымен жасаған тонау бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары тіркелді.

«Полицей үйіне қайтып бара жатқандықтарн, бұл фактіні байқамай қалуы да мүмкін еді. Дегенмен, ол өзінің қызметтік және азаматтық борышын орындай білді. Мұндай адалдық пен батылдық фактісі назардан тыс қалмайды. Біз сондай-ақ полиция атынан көршіге де алғыс айтамыз, ол өз көлігімен полиция қызметкерімен күдіктілердің ізіне түсті. Айтпақшы, екінші қылмыскер әлі қолға түскен жоқ» – деді Дидар Аханов.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету