Алматыда тұрмысы төмен отбасылар үшін балабақша тегін болады

0

Тұрмысы төмен отбасылар үшін екінші баладан бастап балабақша тегін болады.

Алматыдағы Республика сарайында қала әкімі Бауыржан Байбек халық алдында есеп беруде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда тұрмысы төмен отбасылар үшін екінші баладан бастап балабақша тегін болады.

«Өздеріңіз білетіндей, ата-аналар балабақшаға баланың тамағы үшін 18 мың теңге төлейді, қалған 27 мыңды мемлекет субсидиялайды. Былтыр балабақшалардағы 51 мың орынға мемлекеттік тапсырыспен 16 млрд теңге бөлінді. Биыл бұл сома 1,8 млрд теңгеге өсті. Соның өзінде табысы төмен, көпбалалы отбасылар үшін бұл қиынға соғуда, әсіресе балабақшаға бір үйден бірнеше бала барса. Сол себепті «Бақытты отбасы» бағдарламасының аясында тұрмысы төмен отбасылар үшін екінші баладан бастап балабақша тегін болады», – деді Бауыржан Байбек.

«Бақытты отбасы» бағдарламасының аясында тұрмысы төмен отбасылардың оқу озаттарына стипендия төленеді. Бұл білімге деген құлшынысты арттырады. Университет және колледж студенттері үшін – айына 10 мың теңгеден, мектеп оқушыларына – 5 мың теңгеден беріледі. Бұл сөзсіз, отбасы үшін қосымша табыс көзі бола алады «, – деп қосты әкім.

Сонымен бірге, қалада арнайы әлеуметтік «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылуда. Көпбалалы немесе толық емес 1276 отбасы кезекте тұр, көпшілігінің алғашқы жарна ретінде беретін ақшасы жоқ. Солар үшін қала бюджетінен 1 млн теңгенің тұрғын үй сертификаттары бөлінеді. Алғашқы жарна пәтер құнының 10 пайызын құрайды, ставкасы – 2%, 18 жылға беріледі. Бірақ несие тек құны 15 млн теңгеден аспайтын қайта салынған шағын пәтерлерге ғана беріледі.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz