Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісі ерлі-зайыптыны соққыға жықты  

0

Зардап шеккен келіншек емшектегі баласының болуына байланысты ауруханаға жатудан бас тартты. Оқиғаның мән-жайы анықталуда

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар — Sputnik. Алматы тұрғын үй кешендерінің бірінінің күзетшісі ерлі-зайыптыны соққыға жықты деген күдікке ілінді. Ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

Оқыс оқиға 2020 жылдың 1 қаңтарында таңғы сағат 6-да Тілендиев көшесінде орналасқан «Жағалау» тұрғын үй кешенінде болған.

Жас жігіт 60 жастағы күзетшіні аяусыз соққыға жықты – видео

Полиция департаментінің мәліметінше, 24 жастағы ер адам 12-қабатта Т. есімді азамат пен оның әйелінің денесіне зақым келтірген.

«Осы күні күдіктінің үстінен Қазақстан Қылмыстық кодексінің 107-бабы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысына сәйкес, тиісті процессуалдық шешім қабылданады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, зардап шеккен келіншектің әпкесі әлеуметтік желіде күйеу баласының қазір ауруханада жатқанын, ал туысы емшектегі баласының болуына байланысты ауруханаға жатудан бас тартқанын жазды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз