Алматыда тұрғын үй кешенінен өрт шықты (ВИДЕО)

0

Алматыдағы Брусиловский көшесінде орналасқан «Алтын Бұлақ-2» тұрғын үй кешенінен өрт шықты, 120-ға жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды kznews.kz сайты tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

«Сағат 23:58-де Алматы ТЖД өкілдері Алмалы ауданына шықты. Өрт сөндіру қызметі келген соң 6-7-қабаттарда, сондай-ақ, тұрғын үй кешенінің 17-18-қабаттарында екі блокта бір уақытта өрт шыққаны анықталды.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды, шығыс және батыс жағынан газ-түтіннен қорғау қызметінен жауынгерлік учаскелер құрылды, бүгінде 120-дан астам адам эвакуацияланды, 20 адам құтқарылды, өрт оқпандары енгізілді, гидранттарға автоцистерналар қосылды. Баспалдақ торларындағы түтінді азайту үшін жою автомобилі жұмылдырылды. Эвакуацияланғандардың саны өзгеріп жатыр», — деді ТЖД өкілдері.