Алматыда тұмшаланған қытайлар не істеп жүр?

Әлеуметтік желіде Қытай азаматтарының Almaty қонақүйінің алдында лек-легімен тұрған суреті тарады. Суретті анықтап қарар болсақ, Қытай азаматтары кәдімгідей адамның зәресін алардай киініп алған. Сурет авторы әлеуметтік желідегі парақшасында төмендегідей жазба қалдырды: «Кеше Панфилов көшесінің бойымен қыдырып жүріп, қонақүйге қытайлардың орналасып жатқанын көрдім. Сондай-ақ олардың үлкен туристік көлікпен келгенін көзім шалды. Алыстан оларды дезинфекция жасап жүргендер шығар деп топшыладым. Өйткені олардың барлығы маска тағып, медициналық қорғаныш киімімен тұмшаланып алған екен. Сөйтсем, қытайлар болып шықты. Бұлар кімдер? Медицина қызметкерлері ме, әлде жай өз тірліктерімен қыдырып жүргендер ме?». «Алматы» қонақүйі Әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан суреттегі қытайлардың мән-жайын білмек болып Nege.kz тілшісі Almaty қонақ үйіне хабарласты. … Читать далее Алматыда тұмшаланған қытайлар не істеп жүр?