Алматыда тұмау эпидемиясы басталды — Ұлт саулығы|22 Желтоқсан 2018, 11:57

0
22 Желтоқсан 2018, 11:57 346 0

Фото: NTTS.LT

Астана, BAQ.KZ. Алматыда тұмау белең алды. Балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасына күніне жүзден аса бүлдіршін түседі. Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

Ал ересектерге арналған емханаға тұмауға шалдыққан жиырмадан аса адам жеткізіледі. Денсаулық сақтау мамандарының айтуынша, қалада 1 қазаннан бастап тұмауға арналған екпе жасалуда. Әзірге 90 мың адам тегін екпе алды. Олар балалар, жүкті әйелдер, созылмалы ауруға шалдыққан тұрғындар және медицина қызметкерлері.

Дәрігерлер қазіргі жағдайды орташа деп бағалады. Жұқпалы аурулардың жоғары көрсеткіші қаңтар, ақпан айларында тіркеледі.

«Балалар, жүкті әйелдер, әлсіреген балалар, созылмалы аурулары бар науқастар және медициналық қызметкерлер. Егер осы әлеуметтік топтан шет болатын болса, әрбір азамат өзінің қалауымен ақылы түрде өтуге болады», — дейді қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Тамара Утаганова.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ