Алматыда туған қызын ұрып-соғып, мүгедек еткен ана өзін ақтауды сұрайды — Қазақстан жаңалықтары
Алматыда өз қызын аяусыз ұрып, адам танымастай күйге түсірген әйел өзін ақтауды сұрайды, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеп Stan.kz.
Сотталушы анаға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды. Анна Иванованың кінәсі толық дәлелденген. Сондықтан қарауға негіз жоқ. Айыпталушының өзі ақтауды сұрайды.
«Анна кішкентай қызға осындай азғындық көрсеткеніне шын өкінеді. Қазір оның 4 жасқа толмаған қызы бар. Оны 18 жасқа толған үлкен қарап жатыр. Сол себепті де мен жазаны заңға сәйкес кейін өтеуін сұрадым», — дейді адвокат Амангелді Сариев.
Сотталушының өзі сот отырысында болған жоқ. Қызы Диана да келген жоқ. Ол бұған дейін анасын көргісі келмейтінін, оны кешірмейтінін айтқан еді. Қазір жаңа қамқоршысының қолында өсіп жатыр.
stan.kz