Алматыда триатлоннан ашық чемпионат өтті

0

2019 жылдың 31 наурыз күні триатлоннан Алматы ашық чемпионаты өтті

«Алматы Арена» спорт кешеңінде 6 жастан 23 жасқа дейін  120 спортшылар жеті жас санаттарында медальдарды жеңіп алу үшін жиналды. 5-12 жас аралығындағы жас атлеттер «Акватлон» (жүзу 500 м дейін, жүгіру 1 км дейін) қашықтығында жарысты, жасы үлкенірек жастар «Триатлон-суперспринт» (жүзу 300 м, вело 8 км, жүгіру 2 км) қашықтығын өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: Алматы триатлон федерациясы, Қазақстан триатлон федерациясы, «Бірінші болу батылдық» КҚ, Алматы қаласының спорт басқармасы, Алматы қаласының спорт құрылыстары дирекциясы,  World Class Almaty триатлон мектебі, Дмитрий Гааг атындағы триатлон мектебі.

— Мұндай іс-шараларды біз тура бір жыл алдын өткізуді бастадық, — деп Алматы триатлон федерациясының атқарушы директоры Руслан Когай айтты. – Үлкен қалада триатлонды дәріптеу үшін бұл қысқа мерзім, алайда, кейбір қорытындыларды жасауға болады. Өткен көктемде  80 атлеттерді ғана жинаған болсақ, бұл кез, бір жарым есе көп атлеттер тіркелді.  Бұл – біздің триатлон әуесқойларын біріктіру жөніндегі тамаша жұмысымыздың нәтижесі. Қатысушылардың көпшілігі балалар болғаны да қуантарлы жағдай. Триатлон бүгінгі күні – әлемдегі ең бір «заманауи»  спорт түрлерінің бірі. Тек Алматының өзінде әр түрлі мектептерде 250-ден астам бала триатлонмен айналысады! Бұл өңірлер бойынша ең жоғары көрсеткіш. Тұтастай алғанда, Қазақстан Триатлон федерациясының атқарған еңбегі арқасында, соңғы екі жылда еліміздің 11 өңірінде 500-ден астам кішкентай атлеттер айналысатын 11 триатлон мектебі ашылды.

Бұл чемпионатқа келер болсақ, жас спортшылар өздерінің нәтижелерін тексеруге, Алматы мен Қазақстанның жетекші триатлеттерімен жарыстарға қатысуға және Алматы триатлон федерациясының құрметті жаттықтырушыларынан кеңес алуға мүмкіндік алды.

Триатлоннан Алматы Ашық чемпионатының жеңімпаздары

Дарын Толеухан (5-6 жас), Ералы Сейтбек, Ульяна Шелкова (7-9 жас), Саид Назаров, Камилла Джуматова (10-12 жас), Егор Крупяков, Мерей Кенжебаева (13-15 жас), Александр Тен, Юлия Абдразакова (15-17 жас), Абзал Орынбек, Юлия Озерова (18-20 жас), Георгий Гахокидзе, Дарья Бычкова (21-23 жас).


Тегтер:триатлон