Алматыда тоғызыншы қабаттан бір әйел үш сәбиімен секіріп, қаза тапты

0

Үйдің тоғызыншы қабатынан әйел үш баласын алып секіріп, төртеуі де қаза болған, деп хабарлайды Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Оқиға «Жетісу» ықшам ауданында болған. Терезеден 28 жастағы әйел мен оның 2015 жылы, 2016 жылы және 2019 жылы туған үш баласы құлаған. Әйел мен екі сәби сол жерде қаза болған, тағы бір сәби жедел жәрдем көлігінде шетінеген», – дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, оқиға себебі мен жай-жапсарын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылғанын хабарлады.