Алматыда тікұшақ апатқа ұшырады — фото
Тікұшақ бортында ұшқыш қана болған, ол жедел жәрдем көлігінде көз жұмды
АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Алматыда жекеменшік тікұшақ апатқа ұшырады. Ақпаратты ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті растады.
Тікұшақ Наурызбай ауданы Таусамалы шағын ауданындағы «Алатау» демалыс орнының аумағында сағат 16:05-те құлаған.
Тікұшақ қарт кісінің басын шауып түсірді
«Sky Service әуекомпаниясының Еврокоптер-130 жекеменшік тікұшағы құлады, өртенген жоқ. 1968 жылы туған ұшқыш жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды», — деп мәлімет берді ТЖК.
Тікұшақ командирі Валентин Шитов қаза тапты, деп мәлімет берді азаматтық авиация комитеті. Апаттан кейін ер адам тірі болған.
©
Foto : КЧС МВД РК
«Алатау» санаторийі аумағына тікұшақ құлады
Инвестиция және даму министрлігі көлік апаттарын тергеу департаменті оқиғаны тергеуді бастады.
Тікұшақ Боралдайдан Үлкен Алматы көліне бара жатқан.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/