Алматыда тік ұшақ апатқа ұшырап, біра адам қаза тапты
Әуе көлігінің кімге тиесілі екені анықталып жатыр.
Қаза тапқан адамның кім екені анықталды. Бұл туралы Zakon.kz. Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
«2019 жылы 17-қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15:59 Боралдай әуежайынан шығып, Үлкен Алматы көліне қарай бағыт алған «Sky-service» авиакомпаниясының «Еврокоптер-130″ тік ұшағы (борт нөмірі UP-EC038) жарты жолда апатқа ұшырады. Борт ішінде әуе кемесінің ұшқыш-командирі Шитов Валентин Викторович болған. Әу баста тірі болған ол, жедел жәрдем көлігімен ауруханаға кетіп бара жатқан жолда көз жұмды. ҚР ИИДМ Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментімен тергеу жұмыстары басталды», деп хабарлады ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің өкілдері.
17-қаңтар түстен кейін Алматыда тік ұшақ опат болды. Анықталғандай қайғылы оқиғаға тап болған әуе көлігі Үлкен Алматы көліне қарай бағыт алған екен.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/