Алматыда танымал фотограф және кинорежиссер коронавирустан қайтыс болды

0

Танымал фотограф, оператор, деректі кинорежиссер Олег Белялов Алматыда 60 жасында қайтыс болды.

Фотографтың достары мен әріптестерінің дерегіне сәйкес Беляловтың кенеттен қайтыс болуына коронавирустық инфекция себеп болған.

Олег Белялов  1960 жылы Алматыда 23 тамыз айында дүниеге келген. Алғашқы фотографияларын «Смена-7» фотоаппаратымен 1970 жылдары жасаған. Сол кезде жабайы табиғатқа дәне құстарды фотоға түсіруге деген қызығушылығы басталған. 1984 ж. мен 1987 ж. – «Қазақфильм» киностудиясының оператор ассистенті болып істеген. Көптеген зоологиялық экспедициялар мен фильмдер түсірілімінде және Қазақстан табиғаты туралы фотоальбом жасауға қатысқан.