Алматыда такси жүргізушісін тұншықтырып, тонап кеткен

0

Алматыда такси жүргізушісін тұншықтырып, қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

3 тамызда «Халық Арена» аймағында такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасалды.

Полиция бұрын қарақшылық шабуыл және тонау бойынша сотталған күдіктілерді тез арада ұстады.

«Яндекс такси» жүргізушісі болып жұмыс істейтін 25 жастағы қызға шабуыл жасалған.

Түнгі сағат бір жарым шамасында ол өтінімді қабылдап, клиенттерді «Саяхаттың» ауданына алып бару керек болған.

Жәбірленуші қыздың айтуынша, көлікке екі мас жігіт отырған. Көрсетілген мекенжайға жеткен соң, олардың бірі жүргізушіні жіппен тұншықтыра бастаған. Содан кейін қыз есінен танып қалған. Олар оның банк картасы мен телефонын алып алған соң, «Теректі» ықшамауданының аймағында оны көліктен түсіріп кеткен.

Осыдан кейін ғана жәбірленуші полицияға хабарласа алған. Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне күдіктілердің белгілерін айтып берген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер анықталып, ұсталды. Олар бұрын бірнеше рет сотталған 34 және 23 жастағы ер адамдар болып шықты. Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлімі 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілер Алматы қаласы ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.