Алматыда такси ұстап тұрған екі қыз бен жігіт қайғылы жағдайға тап болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Алматыда жол апаты салдарынан 27 жастағы қыз қаза болды, жігіт ауыр халде ауруханаға түсті, тағы бір қыз жарақат алған

АЛМАТЫ, 16 қыркүйек – Sputnik. Алматыда Розыбакиев пен Есқараев көшелерінің қиылысында ірі жол апаты болды.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota Land Cruiser Prado көлігі Есқараев көшесімен шығыс бағытта келе жатқан. Көліктің рөлінде отырған қыз «Жол бер» белгісін байқамай немесе елемей, Розыбакиев көшесімен қиылысқа қарай бет алған. Осы кезде, жол апаты куәгерлерінің айтуынша, Lexus GS 300 сол көшемен жоғары жылдамдықпен солтүстік бағытта келе жатқан.

Шамалғандағы қайғылы оқиға: зардап шеккендер туралы тың дерек шықты

Toyota көлігі Lexus-тің бүйірінен соққан, соңғысы қатты соққыдан жолда айнала бастайды, автокөлік жарықтандыру бағанына соғылып, жүз метрдей жерге ұшып түсіп, тоқтайды.

Жол талғамайтын көлік соқтығысқаннан кейін үш жаяу жүргіншіні қағып кетеді, олар сол маңда такси ұстап тұрған. Содан кейін көлік арыққа түсіп кеткен.

Жол апаты салдарынан 1992 жылы туған қыз оқиға орнында көз жұмды, жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Тағы бір қызға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, ол ауруханаға жатудан бас тартты.

Трагедияның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері, криминалистер мен анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.



sputniknews.kz