Алматыда тағы екі адамда коронавирус анықталды

0

Барлығы Қазақстанда 66 адам коронавирус жұқтырды. Бүгін бұған дейін министрлік астанада тағы екі жағдай тіркелгенін хабарлаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Алматыда тағы екі адамда коронавирус анықталды.

Барлығы елде 66 жағдай тіркелді. Елордада 34, Алматыда – 28, Қарағандыда – 2, Алматы облысында -1 және Ақтөбе облысында – 1 адам, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Қазіргі уақытта вирус жұқтырғандардың басым бөлігі астанада.

Қазақстандағы коронавирус

Елімізде коронавирусқа қатысты 13 наурыз күні төтенше жағдай режимі енгізілді. Оған сәйкес, театрлар, кинотеатрлар, сауда ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтаған болатын.

Кеше, 23 наурыз күні өңірлердеумағы 2 мың шаршы метрден кем емес ірі сауда ойын-сауық орталықтары сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Олардың ішіндегі азық-түлік дүкендері мен дәріханалар жұмысын әдеттегі режим бойынша жалғастырады. Аулалардағы дүкендер де жұмысын тоқтатпайды. 

Азық-түлік емес базарлар сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Санитарлық шаралар күшейтіледі. 

Өзгеріс карантин жарияланған астана мен Алматы қалаларынан басқа аумақта қолданылады. Алайда әкім мен бас санитар дәрігердің шешімімен қосымша шектеу енгізілуі мүмкін.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз