Алматыда тағы да қуатты жер сілкінісі тіркелді (видео)

0

4 наурызда Алматы қаласында тағы да жер сілкінді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жер сілкінісі сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 4 наурызда Алматы уақытымен 11 сағат 22 мин 05 сек (2024 жылғы 4 наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2. MPV магнитудасы 6.1. Эпицентрдің координаттары 42.93° с.е. 76.96° ш.б. Тереңдігі 10 км. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл

Ал қалалық ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев азаматтарды дүрлікпеуге шақырды.

“Бірінші тербеліс аяқталған соң ғимараттан шығып, халықты қабылдау пунктіне барыңыз. Тек ресми дереккөзге сеніңіз. Жағдай нақтыланған соң қосымша ақпарат жеткізіледі”, – деді Атығаев.