Алматыда тағы бір инфекциялық госпиталь салынбақшы — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда тағы бір инфекциялық аурухана салынбақшы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

больница

Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді. 

Сөзінше, қалада 700 адамға арналған тағы бір ірі госпитальдың құрылысын бастау үкіметтің ойында бар көрінеді. 

«Бізде 2 инфекциялық стационар жұмыс істеп тұр. Алайда екеуінде де инфекциялық бақылау талаптарына сәйкес желдету жүйесі толық жұмыс істемейді. Осыған байланысты қазір қала әкімдігі мен қала әкімінің жеке өзінің тарапынан барлық талаптарға сай келетін 700 орындық жаңа госпиталь салу туралы шара қабылданып жатыр. Бұл сауал Мемлекет басшысының Алматыға сапары барысында көтерілді. Аталған сауал кезең-кезеңімен шешімін табатын болады», — деді басқармасының басшысы.

Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандарға арналған аурухананың құрылысы аяқталғаны айтылған болатын. Көпбейінді инфекциялық госпиталь Алматы қаласында да салынып жатыр. 

 

stan.kz