Алматыда тағы бір автобус жол-көлік оқиғасына ұшырады
Алматыда Әшімов және Шаляпин көшелерінің қиылысында қоғамдық көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
— Бұл жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 09:15–те Алматының Наурызбай ауданында болды. Әшімов көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан жүк көлігі аялдама кешенінде тоқтаған 137-маршруттың автобусына соқтығысты. Автобус инерция бойынша шығыс жол жиегіне шығып, жеке үйдің қоршауына соғылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, апат салдарынан автобустың 9 жолаушысы зардап шекті. Жол-көлік оқиғасының басқа да мән-жайлары анықталып жатыр, — деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.
Қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, № 7 МКБ қабылдау бөліміне жеткізілген пациенттер қажетті тексеруден өтуде. Сегіз адамның жағдайы тұрақты, ал ауыр жағдайда жеткізілген бір адам реанимация бөлімінде.
Еске салайық, 26 маусым күні Алматыда № 18 автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапқанболатын.