Home Жаңалықтар Алматыда тағы 6 адам коронавирустан жазылып шықты

Алматыда тағы 6 адам коронавирустан жазылып шықты

0
56

Қазақстанда 35 адам дертінен айықты, он алтысы астанада, он тоғызы Алматы қаласында. Төрт адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Алматыда тағы алты пациент дертінен айығып, ауруханадан шықты, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.

Коронавирусты жеңгендердің бесеуі – әйел, біреуі – ер адам.

«Екеуі 16 наурызда Стамбұлдан келсе, екеуі 10 наурыздағы Мәскеу ‒ Алматы рейсінің жолаушылары. Бір науқас 13 наурызда Берлиннен  ұшып келген, тағы біреуі вирус жұқтырған адаммен байланыста болған», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Алматыда індеттен жазылып шыққандар саны 19 адамға жетті. Олардың барлығы 14 күнге үй карантиніне алынды.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында көз жұмған науқас Алматыдан келгенін жасырған

Алматы қаласында барлығы 109 адамда коронавирус расталды.

Республика бойынша қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 500 адамға жетті.

35 адам дертінен айықты, 16-сы астанада, 19-ы Алматы қаласында.  Төрт адам қайтыс болды.



sputniknews.kz