Алматыда тағы 17 медицина қызметкері індетке шалдықты

0
10

Соvid-19 диагнозы расталған медицина қызметкерлерінің жалпы саны 234 адамға жетті. Алматыда барлығы 461 адамнан вирус табылды

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Алматыда тағы он жеті медицина қызметкері коронавирус жұқтырды. Бұл туралы қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Жаңадан вирус жұқтырған науқастар ішінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың 10 медицина қызметкері, медициналық жедел жәрдем қызметінің бір жұмысшысы, №7 қалалық клиникалық аурухананың 2 қызметкері, №12 қалалық емхананың 2 қызметкері, Алматы көпбейіндік клиникалық ауруханасының екі қызметкері бар», – деді Әбілдаев онлайн брифингте.

Айтуынша, Соvid-19 диагнозы расталған медицина қызметкерлерінің жалпы саны 234 адамға жеткен. 
Оның ішінде орталық қалалық аурухананың 193, бқалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 31, №7 қалалық клиникалық аурухананың 2, медициналық жедел жәрдем қызметінің 3, №12 қалалық емхананың 3 медицина қызметкері және №11 мен №32 қалалық емханалардың бір-бір қызметкері бар.

17 сәуірдегі жағдай бойынша Алматыда барлығы 461 адамнан вирус табылды.



sputniknews.kz