Алматыда суицид жасаған студентке қатысты тың деректер белгілі болды
Алматыда өз-өзіне қол жұмсаған студентке қатысты тың деректер белгілі болды. Ол беделді университетте режиссер мамандығында оқыған. Университет әкімшілігі оны «болашағынан үміт күттірген жас еді» деп еске алды.
Өз-өзіне қол жұмсамас бұрын марқұм достарымен кездескен. Бірақ жолдастары оның мінез-құлқынан ешқандай өзгеріс байқамапты.
«Студент бізге жүгінген жоқ. Бірге оқитын топтастарының айтуынша, оның бойынан күдік тудыратын ештеңе байқалмаған. Кеше кешке олар бірге көңілді уақыт өткізді. Бұл хабарды есітгенде бәріміз шошыдық», — дейді Almaty Management University проректоры Дидар Марданов.
фото: ашықдереккөз