Алматыда судья сотталды — 45 миллион теңге айыппұл төлейді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Медеу аудандық сотының судьясы жер телімінің шекарасын анықтауға байланысты азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдау үшін пара алған

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Алматы қаласының Медеу аудандық сотының судьясы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Әбілқайыр мен сот хатшысы Рақышовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Әбілқайыр алдын ала келісілген 10 мың доллардың 3 мыңын Рақышов арқылы алды деп айыпталды. Ол бұл ақшаға жер телімінің шекарасын анықтауға байланысты азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдамақ болған.

«Бұл факт сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп анықталды. 8 қарашада Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Әбілқайыр 45 459 600 теңге көлеміндегі айыппұлға сотталды», — деп хабарлады агенттік.

Осы үкіммен Рақышов 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Екеуі де өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.



sputniknews.kz