Алматыда студенттерге арналған ең үлкен жатақхана пайдалануға берілді

0

2018 жылғы 13 желтоқсан 23:55 237

Алматыда студенттерге арналған ең үлкен жатақхана пайдалануға берілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы қаласында Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің жаңа жатақханасының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін еліміздегі ең ірі және жайлы жатақханаларының бірі ашылды. Бұл ҚазҰМУ-дің 8-ші жатақханасы және Қазақстанның ең көне жоғары оқу орнының Тәуелсіз жылдарында салынған алғашқы жатақхана.

Ашылу салтанатына ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ЖОО-ның басшылығы мен студенттер қатысты. ҚазҰМУ көп жылдан бері жаңа жатақханаға мұқтаж болған университет.

Алматыда студенттерге арналған ең үлкен жатақхана пайдалануға берілді

Бұл Президенттің Бес әлеуметтік бастамасының аясында қысқа мерзім ішінде салынған ірі жатақхана. Еліміздің жетекші медициналық университеті үшін студенттер үйінің пайдалануға берілуі — көптен күткен оқиға.

Алматыда студенттерге арналған ең үлкен жатақхана пайдалануға берілді

Бүгінде Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да басқа қалалардан келген 6 мыңға жуық бозбала мен бойжеткен білім алып жүр. Олардың жартысына жатақханадан орын табылған жоқ. Жаңа жатақхана бұл проблеманы шеше алады. 

Алматыда студенттерге арналған ең үлкен жатақхана пайдалануға берілді

Оған қоса, мұндағы жағдай үйдегідей жайлы. Тоғыз қабатты екі ғимараттан тұратын жатақханада 75 орынға арналған асхана, кір жуатын бөлме, 30 адамға арналған оқу залы, кітап қоймасы, интернет сыныптар, демалу бөлмелері, медициналық пункт және әкімшілік бөлмелер бар.

Алматыда студенттерге арналған ең үлкен жатақхана пайдалануға берілді
Алматыда студенттерге арналған ең үлкен жатақхана пайдалануға берілді

Студенттердің жайлылығы үшін ас дайындайтын және жуынатын бөлмелері бар екі және үш орындық бөлмелер ұсынылған. Бөлмелерде кереует, жазу үстелі, киімге арналған шкаф және тағы басқа қажетті жиһаз бар.  

Алматыда студенттерге арналған ең үлкен жатақхана пайдалануға берілді 

Алматыда студенттерге арналған ең үлкен жатақхана пайдалануға берілді 
Алматыда студенттерге арналған ең үлкен жатақхана пайдалануға берілді 
Алматыда студенттерге арналған ең үлкен жатақхана пайдалануға берілді

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz