Алматыда спиртті тонналап сатқысы келгендердің жолы кесілді – видео

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Контрабандалық тауар құны шамамен 26 миллион теңгеге бағаланып, осы іске қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 20 тонна этил спиртін сақтау және рұқсат құжаттарсыз өткізу фактісін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ірі көлемдегі этил спиртін сақтау және рұқсат құжаттарсыз өткізу фактісін анықтады. Күдіктілер 20 тонна спиртті 26 миллион теңгеге сатуға тырысқан», – делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі кезде аталған факті бойынша тергеу басталып, тиісті сараптамалар жүргізілуде.



sputniknews.kz