Алматыда шипажай аумағына тікұшақ құлады – Тосын жай

0
339

Алматыда шипажай аумағына тікұшақ құлады. Бұл мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері растады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға сағат 16.05-те Алматы қаласы Наурызбай ауданы Таусамалы ықшамауданында болған.

«Иә, растаймыз. Осындай жағдай болды. «Алатау» шипажайының аумағында болды. Салонда бір адам – ұшқыш болды – ол қаза тапты. Тікұшақтың кімге тиесілі екені әлі анықталмады», – деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

«Алатау» шипажайының аумағына «Sky Service» әуекомпаниясының «Еврокоптер-130″ маркалы жекеменшік тікұшағы құлады. Өртенген жоқ. Тікұшақта 1968 жылғы ұшқыш болды. Ол жедел жәрдем каретасында қаза болды. Тікұшақ Боралдай – Үлкен Алматы көлі бағытымен бара жатқан», – делінген хабарламада.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz