Алматыда Сеулден ұшып келген 100 жолаушы карантинге алынды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Сеул-Алматы рейсімен ұшып келген жолаушылар карантинге жабылды, олардың арасында төрт бала бар. Оқшауланған адамдардың бәрі дәрігерлердің бақылауында

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Қазақстанда Сеул – Алматы рейсінің 100 жолаушысы карантинге алынды. Олардың арасында Өзбекстан, Ресей, Украина, Оңтүстік Корея және Тәжікстан азаматтары бар.

«5 наурызда 15.50-де Сеул-Алматы рейсімен барлығы 197 адам ұшып келді. Олардың 97-сі – транзитпен келгендер (Қырғызстан – 23, Өзбекстан – 37, Ресей – 16, Украина – 18, Оңтүстік Корея – 2, Тәжікстан – 1). Қырғызстан өз азаматтары үшін арнайы автобус жіберіп, 21 азаматын алып кетті», -деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігінен.

Медициналық мекемеге барлығы 100 адам жеткізіліп, орналастырылды. Олардың арасында төрт бала бар. Оқшауланған адамдардың барлығы медициналық бақылауда.

Карантинге алынған адам режимді бұзса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Еске сала кетсек, Қазақстанда Қытай, Оңтүстік Корея және Иран елдерінен келген азаматтар 14 күнге карантинге жабылады.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда екі Қытай азаматы коронавирустан қайтыс болғаны рас па?

Бұған дейін Air Astana әуе компаниясы 6 наурыздан кейін Алматыдан Гонконгке ұшуды тоқтататынын хабарлады.

Нұр-Сұлтаннан Парижге рейстер уақытша тоқтатылды. 14 сәуірден 31 мамырға дейін Алматыдан Куала-Лумпурге рейстер толығымен тоқтатылады.

Сондай-ақ, Қазақстаннан Бейжің мен Үрімшіге де ұшақтар ұшпайтын болды.

Алматы мен Мумбаи арасында жоспарланған рейстер де уақытша тоқтатылды.



sputniknews.kz