Алматыда сел жүрді: тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Құтқарушылардың мәліметінше, жақын маңдағы ауыл тұрғындарына қауіп төніп тұрған жоқ, алайда ауылдарда уақытша жарық пен газ сөндірілген

АЛМАТЫ, 14 тамыз — Sputnik. Қарғалы бөгеті ауданындағы сел халыққа қауіп төндірмейді, деп хабарлады құтқарушылар. Жақын маңдағы ауылдарда қауіпсіздік мақсатында жарық пен газ уақытша сөндірілген.

Төтенше жағдай болған жерге Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті бастығы Серік Әубәкіров барды.

«Наурызбай ауданында 2019 жылдың 14 тамызында сел жүрді. Халыққа алдын ала ескертіп үлгердік», — деп хабарлады Алматы әкімдігі төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство атап өткендей, қазір төтенше жағдай болған жерге жақын орналасқан ауылдардан тұрғындар көшіріліп жатыр.

«Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті Қарғалы өзенінің төменгі жағында орналасқан Әуезов және Алатау ауданы тұрғындарын хабарландырды. Қаланың барлық қызметі жұмысқа кірісті, жақын маңдағы елді мекендерге қауіп жоқ», — делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қала билігі эвакуациялық бекеттер ұйымдастырған: Жандосов және Рысқұлов көшелері қиылысында бұрынғы әкімдік жанындағы №175 мектеп пен Жандосов және Яссауи көшелері қиылысында орналасқан №158 мектеп.



sputniknews.kz


Тегтер:Алматы