Алматыда сауда орталығындағы жаппай сатылым кезінде адамдар кептеліп қалды

0

Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде жаппай сатылым кезінде келушілердің көптеп жиналуынан күтпеген жағдай болды. Әлеуметтік желіде куәгерлердің оқиға орнынан түсірген видеосы тарады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Халықтың тығыздығы соншалық, бірнеше сауда орындары мен дүкен сөрелерін қиратты. Тәртіпті қалпына келтіру және келушілердің қауіпсіздігі үшін полиция шақырылып, адамдарды эвакуациялауға тура келді», — делінген видеодағы жазбада.

Алматы полиция департаменті бұған қатысты түсінік берді.

“Алматы полиция департаменті сауда орталығында көпшілікті дүрліктірген акцияны ұйымдастырған бутик әкімшісінің жауапқа тартылатынын, оның әрекетіне құқықтық баға берілетінін хабарлайды», — делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.