Алматыда самокат мінген тыр жалаңаш қыз бен жігіт 10 тәулікке қамалды
Алматы полициясы қалада тыр жалаңаш самокатпен жүрген қыз бен жігіттің жеке басын анықтап, оларды 10 тәулікке қамауға алды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жергілікті полиция қызметі мәліметінше, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Алматы қаласының жолдарында жалаңаш самокатпен жүрген 1997 жылы туған ер адам мен 2003 жылы туған қызға қатысты сот отырысы өткен.
«Бостандық ауданы полиция басқармасы қызметкерлері құқықбұзушыларды ұстады. Олардың әдепсіз әрекеттері ҚР Әкімішілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша сараланған. Іс материалдары юрисдикцияға сәйкес сотқа жіберілді, оның шешімі бойынша әрқайсы 10 күн әкімшілік қамауға алынды. Бұдан басқа, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзған 1994 жылы туған К. «Мерседес» жүргізушісіне қатысты да әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданғанын атап өткен жөн (ҚР ӘҚБК-нің 593-бабы 1-бөлігі). Оның жолаушысы — А. люктан тыр жалаңаш адамдарды ұялы телефонына түсіріп алған», — деді Алматы қаласы жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Ержан Ұзабаев.