Алматыда Сайран көлдегі джип жарыста бір адам қаза болды (видео)

0

Алматыда дәстүрлі түрде өтетін джип жарыста пилот мерт болды.

Пилот Азамат Абдуғали қаза болды. Ол республикалық джип-спринт жүлдегері. Талдықорған тумасы. Жарыста УАЗ-ымен «Спорт»категориясы бойынша шығып, мәреге жете алмай қалды. Алдын ала қойылған диагноз – тромбо-өкпе эмболиясы.

Көліктің орта жолдан тоқтап қалғанын көруге болады. Құтқарушылар дереу жанына жетіп барып, пилотты сыртқа шығарып алды.

Ұйымдастырушлыр алғашқы жарыстың қорытындысы бойынша марапаттау шарасын өткізген жоқ.

Источник: Stan.kz