Алматыда қымбат көлік иесі жол ортасында намаз оқыды (ВИДЕО)

0

Алматыда бір азамат қымбат көлігін қаңтарып қойып, жол ортасында намаз оқып тұр. Ол туралы видео Instagram-дағы kris_p_almaty парақшасына жарияланды деп хабарлады kznews.kz сайты turkystan.kz порталына сілтеме жасап.

Бейнежазбаға қатысты Алматы қалалық ПД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов жауап берді. Бұл ретте ол намазхан жігіттің жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылар-тартылмасын айтпай, кез келген жерде ғибадат жасауға хақылы екенін құптайтынын аңғартқандай.

«Ғибадат – жақсы, бірақ бұл әркімнің жеке ісі және біздің дінімізде басқаларға қысым жасамау өте маңызды. Ол басқаларға кедергі келтірмеуі және қолайсыздық тудырмауы керек. Барлығына амандық пен жақсылық!» деп жазды Рустам Әбдірахманов.