Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қайтыс болды
Алматыда Таугүл ауданындағы құрылыс алаңында кран құлады. Оқиға салдарынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы қала әкімдігі мен Полиция департаменті мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
23 қаңтарда сағат 10.40-та мердігер компания кран айдайтын адаммен бірге кран жалға алғаны белгілі болды.
«Нәтижесінде 49 жастағы қызметкер жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Құрылысындағы ақауға байланыс кран құлаған. Тергеу жүріп жатыр», — деді әкімдік өкілі.
Алматы қалалық Полиция департаменті өкілі бұл дерек ҚК-нің 277-бабы 2-бөлігі «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін мәлімдеді.
«Бұл істі Әуезов аудандық Полиция басқармасы тергеп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», — делінген ведомство хабарламасында.