Алматыда қойма өртеніп жатыр

0

Алматыда Жетісу ауданындағы қоймалардың бірі өртеніп жатыр деп хабарлайды қалалық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

«18 шілдеде таңертегі сағат 7.45-те Алматы қалалық төтенше жағдай департаментінің (ТЖД) «101» қызметіне Жетісу ауданы, Омарова көшесі, 12в/1 мекен-жайында орналасқан қойманың өртеніп жатқаны туралы ақпарат түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнында жүр. 15 техника, 43 өрт сөндіріп жатыр» делінген ТЖД хабарламасында.

Қала тұрғындары «Саяхат» жақтан қою түтін шығып жатқанын көрген.

Бұған дейін 18 шілдеге қараған түні Алматыда үш жеке үй және шаруашылық нысаны өртенген. Өрт Жетісу ауданындағы Потанин көшесінде болған.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз