Алматыда қоғамдық көлік жолаушылары саны 80%-ке азайды

0

Барлық ұйымдардың жұмыс уақытының қысқаруына байланысты қоғамдық көлік кешкі сағат жетіге дейін жүреді

АЛМАТЫ, 8 cәуір – Sputnik. Карантин кезінде Алматыда қоғамдық көлік жолаушыларының саны 80%-ке азайды. Бұл туралы брифингте Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Жолаушылар ағыны 80%-кеазаюына байланысты Алматы қаласында 114 қалалық маршруттағы автобустар саны жұмыс күндері 36%-ке, демалыс күндері 50%-ке азайтылды. Бір күнде нақты 990 автобус жұмыс істеп жүр. Бір автобуста орташа жолаушылар тасымалы күніне 107 адамнан аспайды. Ал бір айналымда орташа жолаушылар ағымы 25 адамнан аспайды. Бұлавтобус салонында 12-13 адамнан көп отырмайды деген сөз», – деді Телібаев.

Сонымен қатар барлық ұйымдардың жұмыс уақытының қысқаруына байланысты қоғамдық көлікті кешкі сағат жетіге дейін жүргізу қарастырылған. 

Қаладағы автобустар түнгіуақытта толығымен дезинфекцияланады. Күндіз соңғы аялдамаларда дезинфекция жүргізіледі. 

«Метрода жолаушылар ағыны 90%-ке төмендеп кетті. Сондықтан метро қазіргі таңда демалыс күнгі кестемен жұмыс істеп жатыр. Қазір 4 вагон жүріп тұр. Бұл вагондарда әр рейстен кейін ДЕПО-да дезинфекция жұмыстары жүргізіледі», – деп толықтырды басқарма басшысы.

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз