Алматыда Қажымхан Мәсімовпен қоштасу рәсімі өтті (фото) – Қазақстан жаңалықтары

0
129

Бүгін, 9 сәуір, Алматы қаласында Кәрім Мәсімовтің әкесі, қоғам қайреткері және Ұлттық агроөнеркәсіп палатасының басшысы Қажымқан Мәсімовті ақтық сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсімі «Ғылым ордасында» өтті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда Қажымхан Масимовпен қоштасау рәсімі өтті 

80 жасқа аяқ басқан шағында өмірден озған қоғам қайраткерін ақтық сапарға шығарып салуға жиналған елдің қарасы көп болды.

 Алматыда Қажымхан Масимовпен қоштасау рәсімі өтті 

Ағайын-туғандарынан бөлек, мемлекеттік лауазымды қызметкерлер, саясаткерлер мен мәдениет қайраткерлері, беделді тұлғалар және Кәрім Мәсімовтың өзі қатысты.

Алматыда Қажымхан Масимовпен қоштасау рәсімі өтті 

Келген қонақтардың ішінде: Ғани Қасымов, Мэлс Елеусізов, Амантай-қажы, Гүлжан Қарағұсова, Олжас Сүлейменов,Қайрат Келімбетов, Болат Әбілов, Болат Жәмішев, Қалмұхамбет Қасымов сынды тағы басқа көптеген лауазымды тұлғалар болды.

Алматыда Қажымхан Масимовпен қоштасау рәсімі өтті (фото)Ең бірінші болып Алматы қаласының әкімі  Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы  сөз сөйледі. Елбасы Назарбаев пен президентіміз Тоқаевтың Кәрім Мәсімовке жолдаған көңіл айту хатын оқыған Алматы қаласының әкімі алматылықтардың да атынан көңіл айтуды ұмыт қалдырмады.

«Қажымхан ағамыз қаламызға үлкен еңбек етті. Бір ай бұрын сөйлескенімізде қаншама армандары, идеялары болған еді. Құрылыс саласына, қайрымдылық  жасауға және мәдениет өкілдерін қолдауға үлкен жұмыс жасаған. Жастарды қолдағанына куәміз. Жақында ғана Димаш Құдайбергеновты әкеліп концертін жасаймыз деген жоспары туралы айтқан еді.18 сәуірдегі туған күніне үлкен дайындық болып жатқан едік. Елбасының тірегі Кәрім Мәсімовтей ұлды тәрбиелеген әке үш немере сүйді. Осы қаралы хабарды естігенде қабырғамыз қайысты. Отбасына амандық тілеміз. Ағамыз үлгермеген істі ұлдары жалғастырсын»,- деді сөз соңында әкім.

Алматыда Қажымхан Мәсімовпен қоштасу рәсімі өтті (фото)

Үкімет мүшелерінің атынан елордадан арнайы ат басын бұрып келген Қорғаныс министрі Ермекбаев Нұрлан екінші болып сөз сөйледі.  Алматыда Қажымхан Масимовпен қоштасау рәсімі өтті Қажымхан Мәсімовтың мазары Кеңсай -2 зиратында жерленетінін мәлімдеді.

Алматыда Қажымхан Масимовпен қоштасау рәсімі өтті Алматыда Қажымхан Масимовпен қоштасау рәсімі өтті 

stan.kz