Алматыда қауіпсіздікті сақтамаған көлік жүргізушісі мотоциклшіні қағып кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

жко

Жол-көлік оқиғасы Алматы қаласындағы Мұқанов көшесінде болған.

Куәгерлердің айтуынша,  Volkswagen Polo автокөлігі Мұқанов көшесінің бойымен солтүстік бағытта жүрген. Қазыбек би көшесінен төмен қарай жүргізуші маневр қауіпсіздігіне көз жеткізбей, бұрылуға шешім қабылдаған.

Осы уақытта ұқсас бағытта мотоцикл жүргізушісі келе жатқан, автокөліктің тосын бұрылысына дайын болмаған ол машинаға соғылған.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан мотоциклші көптеген жарақаттар алып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеді.

stan.kz