Алматыда қаскөй әйелге балтамен тап берді

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Күдікті әйелді балтамен жаралап, қылмыс орнына қашып кеткен

АЛМАТЫ, 3 тамыз – Sputnik. Алматы полициясы әйелге балтамен шабуыл жасаған ер адамды Түрксіб ауданындағы жеке секторда жүрген жерінен ұстады. 

Белгілі болғандай, ерлі-зайыпты серуеннен үйге қайтып келе жатады. Отағасы әйелі мен ұлын үйдің қақпасына дейін әкеліп тастап, өзі жұмысқа кеткен. Әйел қақпаны жауып, баласымен бірге үйге кірсе, тоңазытқыштың есігі ашық, асханада заттар шашылып жатыр.

Жатын бөлмеге барған келіншек шкафтарды асығыс ақтарып жүрген белгісіз ер адамды көреді. Қорқып қаша жөнелген оның соңынан қаскөй балтамен қуады. Сүрініп кетіп құлаған әйелдің басынан балтаның жүзімен екі рет ұрып, белгісіз бағытта ізін суытады.

Шошып қалған әйел кішкентай баласын тауып алып, үлкен ұлына хабарласып, болған жағдайды әкесіне айтуды сұрайды. Он минуттың ішінде үйіне жеткен күйеуі полиция шақырады.

«Құқық қорғау органдарының қызметкерлері санаулы минуттарда көмекке келіп, қылмыскерді іздеуге кіріседі. Бірнеше сағаттан кейін ол ұсталды», — деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті үйден 100 мың теңгенің бағалы заттарын алған. Оның бұған дейін сотталған 27 жастағы еш жерде жұмыс істемейтін азамат екені анықталды.

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлімі «Қарақшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 5 жылдан 10 жылға дейін сотталып, мүлкі тәркіленеді.



sputniknews.kz