Алматыда қарулы екі жігіт ломбардты тонап кетті (видео)

0

Қарақшылық шабуыл бүгін кешкі сағат бестер шамасында орын алған.

Бұл жағдайға қатысты Наурызбай аудандық Полиция басқармасының басшысы Дидар Аханов пікір білдірді. Оның сөзінше, учаскелік полиция инспекторлары Қанат Парманов пен Ерлан Қосалиев өздерінің әкімшілік аймақтарын аралау кезінде Әшімов көшесінде орналасқан ломбардтың жанынан өтіп бара жатып, іштен шыққан әйелдің айқайын естіген.

Сол уақытта ломбардтың ішінен тапанша және пышақпен қаруланған екі адам жүгіріп шығыпты. Олар полиция қызметкерлерін көріп, қашып кетуге әрекет жасаған, алайда ойлары нәтижесіз аяқталды, дейді Аханов.

Ол күдіктілер қарсыласқанына қарамастан, қолға түскенін, тәртіп сақшылары қылмыс туралы кезекші бөлімге хабарлағанын атап өтті.

«Мен олардың шыққанын көрдім. Арттарынан ердім. Қарасам, екі полиция қызметкері олармен төбелесіп жатыр екен. Қарақшылар қатты қарсыласты. Дәл осы сәтте пайда болғандары үшін полиция қызметкерлеріне өте қатты ризамын», – деді ломбард қызметкері Эльмира Үсенбаева.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне қылмыстық кодекстің 192-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы («Қарақшылық») бойынша тіркелген.

https://youtu.be/oVr8U2bru5M