Алматыда қарияны таяқпен ұрған ер адам ұсталды
Әлеуметтік желіде аялдамада ер адам қарт адамды таяқпен ұрып, бірнеше соққыдан кейін бұрылып кетіп қалған видеосы пайда болды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
«Тексеру барысында қарт адамды ұрып-соққан ер адамның кім екені анықталып, ұсталды. Ол — Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны.
Өзін қорғауда ұсталған азамат көлігіне зақым келтірді деген атасын жазалағысы келгенін айтады. Сондай-ақ бұл әрекеттің Алматы облысының аумағында болғаны анықталды», — деді Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.
Қылмыстық іс материалдары қосымша тергеу және шешім қабылдау үшін Қарасай аудандық полиция бөліміне, Алматы облысы бойынша департаментіне жолданды.