Алматыда Қанат Ислам қарсыласын 10 секундта есінен тандырды – видео

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазақ боксшысы бір-екі қуатты соққысымен қарсыласын жойқын нокаутқа жіберді

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде — Sputnik. Қазақстандық Қанат Ислам (25-0, 20 КО) мен доминикан Хулио де Хесус арасындағы Алматыдағы бокс кешінің басты жекпе-жегі алғашқы минутта-ақ аяқталды.

Ислам алғашқы секундтардан шабуылға шығып, бір-екі қуатты соққысымен қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді, деп хабарлады Sports.kz. Осылайша жекпе-жек бар-жоғы 10 секундқа созылды. Исламның нокаутын мына жерден көруге болады. 

​Бұл жеңіс Қанатқа бірінші орта салмақтағы WBO Inter-Continental чемпионының бос тұрған титулын әкелді.

Қазақ боксшысы кәсіпқой бокста 26 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Хулио де Хесус екінші рет жеңіліске ұшырады. 



sputniknews.kz