Алматыда полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы қаласының әкімшілік полиция бөлімінің қызметкері жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

дтп

Қайғылы оқиға 18 сәуірде болған деп хабарлайды.

«Ол жеке көлігімен түнгі ауысымнан кейін үйіне қайтып келе жатқан. Әл-Фараби даңғылымен жүріп бара жатып, жер асты жолындағы қоршауға соғылған. Апат салдарынан полиция қызметкері ауыр жарақат алған. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, ол жедел жәрдемде қайтыс болған. Жүргізушінің қанында алкоголь жоқ. Апаттың мән-жайы қосымша тергеу барысында анықталады», — деді полиция басқармасы.

Алматы полиция департаментінің басшылығы мен ұжымы көз жұмған қызметкердің отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

stan.kz