Алматыда полиция қызметкері жаяу адамды қағып өлтірді

0
1432

Алматыда полиция қызметкері жол жиегінде кетіп бара жатқан әйелді өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KzNews қалалық полиция департаментінің (ДП) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«14 маусымда сағат 7.00-де Алматы қаласының Алатау ауданында «Хюндай элантра» маркалы қызметтік көлігінің жүргізушісі Өтемісұлы көшесімен жүріп келе жатып маневр жасаған көліктен қашамын деп жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«Хюндай элантра» көлігінің жүргізуші Өтемісұлы көшесінің өңтүстік бағытында келе жатып, кенеттен маневр жасай бастаған көлікпен соқтығысуды болдырмау үшін автокөлік жуу орнының шығыс жағына қарай шығып кетті, сол жерде жаяу жүргіншіні – С.есімді азаматты қағып кетті. Сондай-ақ «Газель» автокөлігіне соқтығысты», – деп хабарлады полиция дүйсенбіде.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көлік құралдарын пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қылмыстық істі Алматы қаласы ДП Анықтау басқармасы жүргізуде. Жүргізушіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде », – деді полицияда.