Алматыда полиция қызметкері байқаусызда әріптесін атып өлтірді

0

Алматы қаласында полиция қызметкері байқаусыздар әріптесін атып өлтірді. Қайғылы оқиға 5 маусымда болған.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, табельдік қаруды абайсызда қолданудың салдарынан пост полициясы әріптесіне оқ атқан. Оқ тиген қызметкер қайтыс болды.

Қылмыстық іс «Абайсызда қазаға ұшырату» бабы бойынша тіркеліп, Қылмыстық кодекстің 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Еске салайық, Қылмыстық кодекстің 104-бабына сәйкес: абайсызда адам өлтіруге үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.