Алматыда полиция Назарбаевтың сөзі жазылған плакат ұстаған белсендіні әкетті

0
71

Алматыда полиция билікті сынайтын пикет өткізген белсенді Рамиль Ниязовты ұстап, бөлімшеге апарды.

Vlast.kz сайтының хабарлауынша, Ниязов Абай ескерткішінің алдына Қазақстанды отыз жылдай басқарып, авторитарлы билік құрды деп сынға ілінген елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «ашықтық авторитарлы билікті әшкерелейді» деген сөзі жазылған плакат ұстап шыққан.

Ниязов плакатпен жарты сағаттай тұрған, кейін оны полиция ұстап әкеткен. Vlast.kz сайтының жазуынша, белсендіні Медеу аудандық полиция бөлімшесіне апарған.

Совет одағы тарамай тұрып билікке келген Нұрсұлтан Назарбаев 1987 жылы «Халықтар достығы» журналына авторитаризмді сынаған мақаласы шыққан. Ниязовтың плакатында жазылған сөз осы мақаладан алынған.

14 шілдеде Алматыда Абай ескерткішінің маңында Айдана Айдархан (66 жастағы диссидент, қамауда отырған ақын Арон Атабектің қызы) әдеби акция өткізген. Ол Назарбаев режимін сынап жүрген әкесінің өлеңін оқыды. Айдана Айдарханды да полиция ұстап, бөлімшеде тергеп, кейін босатқан.

Халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары мен сарапшылар «Қазақстанелдегі әлеуметтік және саяси мәселелерді көтерген азаматтық белсенділерді жиі қудалап, түрлі сылтаумен түрмеге қамайды» деп сынайды.

Оқи отырыңыз: «Назарбаев режимі азаматтардың бостандығын шектеп отыр»

Батыс елдері Нұр-Сұлтаннан белсенділерді қудалауды тоқтатуды талап еткен. Ал Қазақстан билігі халықаралық ұйымдардың пікіріне сирек жауап беріп, елде адам құқығы бұзылмайтынын алға тартады.

Azattyq