Алматыда полиция кем дегенде алты адамды ұстап әкетті
12 маусымда Алматыда кешкі сағат 18.30 шамасында Абай көшесі мен Ахмет Байтұрсынов көшесінің қиылысында полиция кемінде алты адамды ұстап әкетті. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.
Абай көшесі мен Ахмет Байтұрсынов көшесінің бойында полиция қарасы көбейіп, дүкендер, дәріханалар мен дәмханалар жабылған.
Азаттық тілшісі жолдаған кадрда Қазыбек би көшесі бойындағы Қазақ-британ техникалық университетінің артында Ұлттық гвардияның көліктерін, өрт сөндіру машиналары мен автобустар тұр.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Райымбек және Пушкин көшесінде 40-50 полицей жүр. Бұл маңда жүрген полицейлер бұл маңда не істеп жүргендерін айтпады.
Елде тыйым салған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының жетекшісі, қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов 12 маусымда азаматтарды Алматыда шеруге шығуға шақырған.
Жаңалық толықтырылады