Алматыда полиция екі белсендіге айыппұл салды

0
97

27 ақпанда Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасы белсенділер – Дильнар Инсенова мен Сақып Жаңабаеваны «құқық қорғау қызметкерлеріне бағынбады» деп айыптап, 5 айлық есептік көрсеткіш (12 жарым мың теңге) айыппұл салған. Бұл туралы Азаттыққа Инсенова хабарлады.

Инсенованың сөзінше, оларды Алматыдағы Абылай хан және Гоголь көшесінің қиылысында ұстап, Медеу аудандық полиция басқарамасына апарған. Сол жерде полиция оларға хаттама толтырып, айыппұл салған.

Азаттық тілшісі бұл ақпаратқа қатысты Алматы қалалық прокуратурасы хабарласқан. Прокуратура Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеді. Қалалық полиция департаменті әзірге бұл ақпаратқа қатысты пікір бермейтіндерін хабарлады.

Дильнар Инсенова – билікті, банк басшылығын сынап, борышкерлер, үлескерлер мен ипотека алушылардың құқығын қорғап жүрген белсенді. 9 қаңтарда Алматыда сот Инсенованы «бөтеннің мүлкін заңсыз иеленді» деп, екі жылға бас бостандығын шектеді әрі қоғамдық қызметпен айналысуына тыйым салған. Ал Сақып Жаңабаева бұған дейін де бірнеше рет азаматтық белсенділігі үшін әкімшілік жазаға да тартылған.

27 ақпанда Алматыда полиция «Нұр Отан» партиясының алдында ондаған адамды ұстаған. Партия кеңсесінің алдына келгендердің арасында президент отставкасын талап еткендер де болған. Ал Инсенованың айтуынша, олар «Нұр Отан» алдындағы наразылыққа бармаған.

Азаттық

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз