Алматыда полиция басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

0
23 Қараша 2018, 17:41 525 0

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау аудандық полициясы басқармасының тергеу бөлімі бастығы орынбасары мен аталған бөлімнің тергеушісі 2 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлім етті.

«Осы жылдың 21-қарашасында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call орталығына Алматы қаласының полиция департаментінің Алатау аудандық полициясы басқармасының тергеу бөлімі бастығы орынбасарының және осы басқарманың тергеушісінің тарапынан заңсыз әрекеттер жөнінде бір азаматтың шағымы келіп түсті», – деді ресми өкіл брифингте.

Жанна Бастарованың айтуынша, дәл сол күні Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен осы факті негізінде аталған лауазымды тұлағаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Олар күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданбау үшін күдіктінің жұбайынан 2 млн теңге сомасындағы пара алды деп күдіктелуде. Кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктілерге қатысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда», – деді ол.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз